Астана қаласының құрылыс салушысы «Land Mark Gold» тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігін алды

Астана қаласының құрылыс салушысы «Land Mark Gold» тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігін алды

«BAZIS-А Corp.» ЖШС және «Dostyk residences» ЖШС уәкілетті компаниясы «Land Mark Gold» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің (6-кезек, 1, 2, 3, 4 дақтар (паркинг) құрылысын аяқтауға Қазақстан тұрғын үй компаниясы АҚ-нан («Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) кепілдік алды. Нысан мекенжайы: Астана қ., Достық көшесі, №8; 8/2 жер учаскесі, Достық, Сауран, Сығанақ көшелерінің шаршысында.

«Land Mark Gold» ТК тұрғын үй кешені әр түрлі қабатты 3 тұрғын блоктан тұрады.

Жоба бойынша пәтерлердің жалпы саны — 128, оның ішінде:

  • ·1 бөлмелі — 38 пәтер,
  • 2 бөлмелі — 38 пәтер,
  • 3 бөлмелі — 30 пәтер,
  • 4 бөлмелі — 22 пәтер.

Кешенде сондай-ақ 8 коммерциялық үй-жай, 74 орындық автотұрақ қарастырылған.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жайлылық класы — IV.

Еденнен төбеге дейінгі биіктігі — 3 м.

Пәтерлер жақсартылған бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.

Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Dostyk residences» ЖШС жүзеге асырады. 

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz