«BAZIS-А Corp.» ЖШС және «EURO CITY-4» ЖШС уәкілетті компаниясы «Grand Monaco» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің (3-дақ, 8-блок) құрылысын аяқтауға Қазақстан тұрғын үй компаниясы АҚ-нан кепілдік алды. Нысан мекенжайы: Астана қ., Сарайшық ауданы, А32 көшесі, 2Б учаскесі.
«Grand Monaco» тұрғын үй кешені жалпы саны 32 пәтерден тұратын бір 8 қабатты тұрғын үйден құралады.
Оның ішінде:
- 1 бөлмелі — 1 пәтер,
- 2 бөлмелі — 23 пәтер,
- 3 бөлмелі — 8 пәтер,
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жайлылық класы — IV.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі — 3 м.
Пәтерлер бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «EURO CITY-4» ЖШС жүзеге асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz