Қарағанды облысында Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы желісі бойынша «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына өтінімдер қабылдау жалғасуда

Қарағанды облысында Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы желісі бойынша «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына өтінімдер қабылдау жалғасуда

Өтінімдер 2026 жылғы 28 сәуірден сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 20 мамырға дейін сағат 17:00-ге дейін (қоса алғанда) келесі мекенжайлар бойынша қабылданады:

  • Қарағанды қ., Поспелов к-сі, 16;
  • Сарань қ., Жамбыл к-сі, 65, 8-кабинет.

Қарағанды қаласының ТКШ, ЖТ және АЖ бөлімі және Сарань қаласының ТКШ, ЖТ және АЖ бөлімі Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы қатысуымен іске асырылып жатқан «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдайды.

Бағдарламаға кімдер қатыса алады

Бағдарламаға Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар, соның ішінде Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған әкімдіктердің қызметкерлері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері (азаматтардың барлық санаттары) қатыса алады.

Бағдарлама шарттары

  • Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй
  • Жалға алу мерзімі: 20 жылға дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%
  • Бастапқы жарна: қарастырылмаған
  • Жалға алу құны: 1 шаршы метрге 1 981,95 теңге
  • Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін
  • Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді

Жоба туралы

Нысанның орналасқан жері – Сарань қ., Химик шағынауданы, 105, 106, 114, 115, 116, 116А, 118, 119, 120, 120А үйлер.

Барлығы 257 пәтер қарастырылған, оның ішінде:

  • 1 бөлмелі – 56
  • 2 бөлмелі – 104
  • 3 бөлмелі – 97

Ай сайынғы төлемдер

  • 1 бөлмелі (30,1–34,8 ш.м): 59 656 теңгеден 68 971 теңгеге дейін
  • 2 бөлмелі (50,4–54,1 ш.м): 99 890 теңгеден 107 223 теңгеге дейін
  • 3 бөлмелі (58,2–74 ш.м): 115 349 теңгеден 146 664 теңгеге дейін

Қалай өтінім беруге болады

Өтінімдер Қарағанды қаласының және Сарань қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде қабылданады. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші көрсетілген бөлімге жүгініп, сауалнаманы толтыруы қажет.

Өтінімде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
Тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.), ЖСН, туған күні, байланыс телефоны, жеке куәлік деректері, электрондық пошта және бөлмелер саны.

Анықтама телефоны: 8 775 363 33 30
Call-орталық: 8 (800) 080-44-48

Анықтама: Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК) тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй жобаларын іске асыру операторларының бірі болып табылады. Арендалық тұрғын үй жобалары Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілеріне және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №151 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй құрылысы мен (немесе) тұрғын үй сатып алуды республикалық бюджет қаражаты және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен қаржыландыру, мониторинг жүргізу және тұрғын үйді тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарына өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.