«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) Қазақстан Республикасына кәсіби сапармен келген Беларусь Республикасы Архитектура және құрылыс министрлігінің «Тұрғын үй институты – Атаев С.С. атындағы НИПТИС» мемлекеттік кәсіпорны жанындағы Халықаралық ақпараттық-талдау орталығы делегациясымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесуге «Госстройэкспертиза» еншілес республикалық унитарлық кәсіпорнының сарапшылары, сондай-ақ ҚТК өкілдері қатысты.
Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасында жинақталған тиімді тұрғын үй саясатын іске асыру тәжірибесімен, қала кеңістігін дамыту, Астана қаласындағы тұрғын үй жылжымайтын мүлкін қаржыландыру мен басқарудың заманауи тетіктерімен танысу, сондай-ақ тұрғын үй құрылысын қолдау және халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру саласындағы кәсіби тәсілдермен алмасу.
Кездесу барысында ҚТК өкілдері компания қызметінің негізгі бағыттары мен тұрғын үй құрылысын қолдаудың практикалық құралдарын таныстырды. Беларусь тарапы үшін келесі тетіктер ерекше қызығушылық тудырды:
• сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй ұсыну;
• кешенді құрылыс және реновация жобаларын қаржыландыру;
• жеке құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау;
• аз қабатты құрылыс пен инвестициялық жобаларды қаржыландыру;
• ипотекалық өнімдер.
Сондай-ақ тұрғын үй жобаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету, құрылыс салушылармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру және халықтың қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе мен үздік практикалар алмасудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Беларусь Республикасының бейінді ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты одан әрі дамытуға кең мүмкіндіктер бар екенін айтты.
Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы тұрғын үй секторын дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған озық шешімдерді енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша жұмысты жалғастыра береді.