«MONOLIT-GROUP» ЖШС және уәкілетті компания «MG ZEYIN» ЖШС «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-тан («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) нөлдік кепілдік жарнасымен көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлестік тұрғын үй құрылысын аяқтауға кепілдік алды.
«ZEYIN 1.1 кезегі» тұрғын үй кешені Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қызылсай көшесі, 4-учаске мекенжайында орналасқан. Жоба аясында екі бес қабатты тұрғын блоктың құрылысы қарастырылған. Жалпы саны - 91 пәтер, оның ішінде:
- 1 бөлмелі — 67 пәтер,
- 2 бөлмелі — 24 пәтер,
- коммерциялық үй-жайлар
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жайлылық класы — IV.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі — 2,85 м.
Пәтер алдын ала бастапқы әрлеумен ұсынылады.
Қаскелең — Алматы қаласынан 20–25 км қашықтықта орналасқан, Қарасай ауданының әкімшілік орталығы. Қала маңындағы инфрақұрылымы дамып келе жатқан елді мекен ретінде қолжетімді тұрғын үйімен және Алматымен ыңғайлы көлік қатынасымен ерекшеленеді.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «MG ZEYIN» ЖШС жүзеге асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550