Астана қаласының құрылыс салушысы «Kasiet»тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігін алды

Астана қаласының құрылыс салушысы «Kasiet»тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігін алды

«Тұран Құрылыс НС» ЖШС (құрылыс салушы) және «Тұмар кұрылыс» ЖШС (уәкілетті компания) «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-тан Астана қаласындағы «Kasiet» көппәтерлі тұрғын үй кешені (КТК) құрылысының аяқталуына кепілдік алды.

«Kasiet» тұрғын үй кешені Астана қаласы, «Сарайшык» ауданы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 16/1 учаскесі мекенжайында орналасқан.

Жоба аясында коммерциялық үй-жайлары бар 8 және 16 қабатты блоктардың құрылысы қарастырылған. Жалпы пәтер саны — 283, оның ішінде:

  • 1 бөлмелі — 112,
  • 2 бөлмелі — 112,
  • 3 бөлмелі — 52,
  • 4 бөлмелі — 7.

Коммерциялық үй-жайлардың жалпы саны — 11.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жайлылық класы — IV.

Еденнен төбеге дейінгі биіктігі — 3 м.

Пәтерлер алдын ала әрлеу күйінде тапсырылатын болады.

Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Тұмар кұрылыс» ЖШС жүзеге асырады.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ

Баспасөз қызметі

+7 7172 797575, ішкі: 2550

pr@khc.kz, www.khc.kz