«PARASAT CAPITAL» ЖШС және уәкілетті компания «PARASAT II» ЖШС «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) көпфункционалды тұрғын үй кешені «Parasat» (12,13 дақтар 3-кезек) құрылысының аяқталуына кепілдік алды. Аталған жоба Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Д.А. Қонаев атындағы ПК, 189/10 учаскесі мекенжайында орналасқан.
«Parasat» (12,13 дақтар, 3-кезек) тұрғын үй кешені 9 қабатты екі тұрғын блоктың құрылысы қарастырылған. Пәтерлердің жалпы саны — 128, оның ішінде:
- 1 бөлмелі — 64 пәтер;
- 2 бөлмелі — 64 пәтер;
- коммерциялық үй-жайлар — 10.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үй кешенінің жайлылық класы — IV.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі — 3 метр.
Пәтерлер алдын ала әрлеумен тапсырылады.
Жобаны тұрғын және коммерциялық нысандардың құрылысымен айналысатын «PARASAT II» ЖШС жүзеге асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550