Ақтауда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

Ақтауда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 12 мамырдан бастап 2026 жылғы 25 мамыр сағат 17:00-ге дейін (қоса алғанда) келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, №72 ғимарат, «Азаматтарды қабылдау орталығы».

Маңызды! Бағдарламаға Ақтау қаласы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар қатыса алады (азаматтардың барлық санаттары).

Бағдарламаның шарттары:

  • Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй.
  • Жалдау мерзімі 20 (жиырма) жылға дейін.
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1 %.
  • Бастапқы жарна – талап етілмейді.
  • Жалдау құны 1 ш.м. үшін 2 490 теңге
  • Қалдық құны бойынша мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі.
  • Жалдау мерзімінен кейін тұрғын үй Жалға алушының меншігіне өтеді

Жоба туралы:
Нысанның орналасқан жері – Ақтау қаласы, 29А шағынауданы, 170, 171, 172, 173 үйлер (Adal Town тұрғын үй кешені).
Пәтерлердің жалпы саны – 86 (1 бөлмелі – 46, 2 бөлмелі – 17, 3 бөлмелі – 23).

Ай сайынғы төлемдер бойынша есеп:
1 бөлмелі пәтерлер, ауданы 37,3-тен 49,4 ш.м. дейін - 92 885,95 теңгеден 123 017,86 теңгеге дейін;
2 бөлмелі пәтерлер, ауданы 60,6-дан 61,7 ш.м. дейін - 150 908,54 теңгеден 153 647,81 теңгеге дейін;
3 бөлмелі пәтерлер, ауданы 84,4-тен 85,2 ш.м. дейін - 210 176,26 теңгеден 212 168,45 теңгеге дейін.

Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінім беру «Азаматтарды қабылдау орталығында» жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беруші жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша келіп, қатысуға арналған сауалнаманы толтыруы қажет.
Анықтама телефоны: 8 775 363 33 30; +7 (7172) 79-75-75 (вн. 2791, 2789, 2783, 2786).
Жедел желі: 8 (800) 080-44-48

Толығырақ ақпарат www.khc.kz сайтында.

Анықтама: Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК) тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтар үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй жобаларын іске асыру операторларының бірі болып табылады. Арендалық тұрғын үй жобалары Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілеріне және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №151 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй құрылысы мен (немесе) тұрғын үй сатып алуды республикалық бюджет қаражаты және (немесе) мемлекеттік бағалы қағаздар шығару есебінен қаржыландыру, мониторинг жүргізу және тұрғын үйді тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарына өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақстан Тұрғын үй  Компаниясы» АҚ

Баспасөз қызметі

+7 7172 797575, ішкі: 2550

pr@khc.kz, www.khc.kz