«Nova City Development» ЖШС және уәкілетті компания «NRB Company» ЖШС Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Шәмші Қалдаяқов көшесі, 32/3 учаскесі мекенжайында орналасқан «4Seasons» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің (3-кезек) құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды.
«4Seasons» ТК-нің (3-кезек) жобасы жалпы саны 395 пәтерді қамтитын 12 және 16 қабатты алты тұрғын үй блогының құрылысын көздейді, оның ішінде:
-
1 бөлмелі — 126
-
2 бөлмелі — 181
-
3 бөлмелі — 77
-
4 бөлмелі — 11
-
коммерциялық үй-жайлар — 26.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үй кешенінің жайлылық класы — IV.
Төбе биіктігі — 3 метр.
Пәтерлердің әрлеуі — таза әрлеу.
Жобаны тұрғын және коммерциялық нысандар құрылысымен айналысатын «Nova City Development» ЖШС жүзеге асыруда.