«Arlyn» ЖШС (Құрылыс салушы) және «Amanat Home LLP» ЖШС (Уәкілетті компания) «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы болып табылатын «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның (ҚТК) Ақмола облысы, Косшы қаласында орналасқан «Көктем» аз қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға кепілдігін алды.
«Көктем» тұрғын үй кешені Ақмола облысы, Косшы қаласы, «Бәйтерек» шағын ауданы, 19-учаске мекенжайында орналасқан.
Жоба бойынша 3 қабатты тұрғын блоктардың (3 блок) құрылысы көзделген. Жобадағы пәтерлердің жалпы саны – 54. Коммерциялық үй-жайлар қарастырылмаған.
Атап айтқанда:
— 1 бөлмелі – 18,
— 2 бөлмелі – 27,
— 3 бөлмелі – 9.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үй кешенінің жайлылық класы — III.
Еденнен төбеге дейінгі биіктік – 3 м.
Әрлеуі — алдын ала әрленген.
Құрылыстың технологиясы — кірпіш қалау.