Шымкентте «Shyrai Residence» тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігі берілді

Шымкентте «Shyrai Residence» тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігі берілді

«Rapid Building» ЖШС және уәкілетті компания «ONER Build» ЖШС «Shyrai Residence» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды. Тұрғын үй кешені Шымкент қаласы, Абай ауданы, 189 орам, 194/1 жер телімі мекенжайында орналасқан.

«Shyrai Residence» ТК жобасы кіріктіріліп-жапсарлас салынған үй-жайлары бар 12 тұрғын блок-секциядан тұратын көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын көздейді. Пәтерлердің жалпы саны – 507, оның ішінде:

  • 1 бөлмелі — 254,
  • 2 бөлмелі — 120,
  • 3 бөлмелі — 122,
  • 4 бөлмелі — 11.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үй кешенінің жайлылық класы – IV.

Төбенің биіктігі – 3 метр.

Пәтерлер бастапқы әрлеумен тапсырылады.

Жобаны тұрғын және коммерциялық нысандар құрылысымен айналысатын «Rapid Building» ЖШС жүзеге асыруда.