Астана қаласының құрылыс салушысы «Galaxy» тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігін алды

Астана қаласының құрылыс салушысы «Galaxy» тұрғын үй кешеніне ҚТК кепілдігін алды

«Жарқын Құрылыс» ЖШС және «Galaxy home» ЖШС уәкілетті компаниясы «Galaxy» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға Қазақстан тұрғын үй компаниясы АҚ-нан («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) кепілдік алды.

«Galaxy» тұрғын үй кешені «Есіл» ауданында, Ш. Айтматов көшесі маңында (S9, S10, S11 полигондары) орналасқан.

Жоба аясында 9 қабатты 7 тұрғын үй салу қарастырылған. Жоба бойынша жалпы пәтер саны – 1 366.

Соның ішінде:
— 1 бөлмелі – 800,
— 2 бөлмелі – 260,
— 3 бөлмелі – 306.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес жайлылық класы — IV класс.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі – 3 м.
Пәтерлер жақсартылған бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.

Құрылыс технологиясы — кірпішпен қалау.

Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «Galaxy home» ЖШС жүзеге асырады.

 

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz