ҚТК энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын 22 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялауды мақұлдады

ҚТК энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын 22 млрд теңгеден астам сомаға субсидиялауды мақұлдады

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) инженерлік желілерді жаңарту және халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік шаралар аясында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын қолдауды жалғастыруда.

2026 жылғы маусым айында ҚТК электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау салаларындағы екі ірі инфрақұрылымдық жобаны жалпы құны 22 млрд теңгеден асатын көлемде субсидиялауды мақұлдады.

Қарағанды облысындағы электр желілерін жаңғырту

2026 жылғы 17 маусымда «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Қарағанды облысындағы электр желілері нысандарын қайта жаңғыртуға бағытталған «Қарағанды Жарық» ЖШС жобасын 16,6 млрд теңге көлемінде субсидиялауды мақұлдады.

Жоба «Карбышевка – Қарағайлы» және «Астаховка – Шоқай» учаскелеріндегі электр желілерін қайта жаңғыртуды, сондай-ақ «РТИ» қосалқы станциясын реконструкциялауды көздейді.

«Астаховка – Шоқай» учаскесінде қолданыстағы әуе электр желісін жөндеу және жаңа желі салу жоспарланған. Трассаның ұзындығы 19,2 км-ден 38,4 км-ге дейін ұлғайып, желілердің тозу деңгейі 90%-дан 0%-ға дейін төмендейді.

Өнеркәсіптік аймақта, Саран қаласында орналасқан «РТИ» қосалқы станциясында жабдық толықтай ауыстырылады. Нәтижесінде жалпы трансформаторлық қуаттылық 80 мың кВА-дан 126 мың кВА-ға дейін артып, жабдықтың тозуы толық жойылады.

«Карбышевка – Қарағайлы» учаскесінде де қолданыстағы және жаңа әуе электр желілерін салу қарастырылған. Желінің ұзындығы 39 км-ден 78 км-ге дейін ұлғайып, тозу деңгейі 92%-дан 0%-ға дейін төмендейді. Жобаны іске асыру қажеттілігі электр желілерінің 90%-ға дейін жеткен сындарлы тозу деңгейімен байланысты.

Жобаны қаржыландыру 10 жыл мерзімге «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұсынған қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жобаны іске асыру Қарағанды облысы тұтынушыларын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, энергетикалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ өңірдегі елді мекендер мен нысандарды электр энергиясымен қамтудағы ықтимал іркілістердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Степногорск қаласындағы жылу магистральдарын қайта жаңғырту

Сондай-ақ 17 маусымда ҚТК Степногорск қаласындағы магистральдық жылу желілерін қайта жаңғыртуға бағытталған «Степногорск Теплотранзит» ЖШС жобасын 5,8 млрд теңге көлемінде субсидиялауды мақұлдады.

Жоба аясында диаметрі 820 мм болатын «ЖЭО – Қала» учаскесіндегі жалпы ұзындығы 9,49 км магистральдық жылу желілерін қайта жаңғырту көзделген. Жоба қазіргі таңда 71,4%-ды құрайтын жылу желілерінің жоғары тозу деңгейі мәселесін шешуге бағытталған.

ҚТК тарапынан көрсетіліп отырған бұл қолдау өңірлердің инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, коммуналдық желілердің тозу деңгейін төмендетуге және халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға ықпал етеді.

Баспасөз қызметі
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ

Тел.: +7 7172 79 75 75 (ішкі 2205)
​E-mail: pr@khc.kz | www.khc.kz