Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы "Ulagat" аз қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға кепілдік берді

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы "Ulagat" аз қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға кепілдік берді

«Stroy opt» ЖШС (құрылыс салушы) және «Даму Құрылыс 2015» ЖШС (уәкілетті компаниясы) Астана қаласы, Нұра ауданы, Е126 және Е127 көшелерінің қиылысында орналасқан «Ulagat» аз қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды.

Жоба аясында 3 тұрғын үй блогын (3 және 5 қабатты) салу көзделген. Жоба бойынша барлығы 204 пәтер және 10 коммерциялық үй-жай қарастырылған.

Оның ішінде:

  • 1 бөлмелі – 82;
  • 2 бөлмелі – 106;
  • 3 бөлмелі – 16.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үйдің жайлылық класы – IV.

Еденнен төбеге дейінгі биіктігі – 2,7 м.

Пәтерлердің әрлеуі – алдын ала әрленген.

Құрылыс технологиясы – монолитті.

Жобаны тұрғын және коммерциялық мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілерін салу саласында қызмет атқаратын «Даму Құрылыс 2015» ЖШС іске асырады.

 

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz