Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Fortis» тұрғын үй кешеніне кепілдік берді

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Fortis» тұрғын үй кешеніне кепілдік берді

«BAZIS-А Corp.» ЖШС (құрылыс салушы) және «Ак Дидар» ЖШС (уәкілетті компаниясы) Астана қаласы, Е22, Е51, Е102 көшелерінің (жобалық атауы) және Хусейн бен Талал көшесінің қиылысындағы №34, 37 учаскелерде (сыртқы инженерлік желілерсіз). орналасқан «Fortis» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды.

Жоба бойынша барлығы 171 пәтер және 6 коммерциялық үй-жай қарастырылған.

Оның ішінде:

  • 1 бөлмелі – 76;
  • 2 бөлмелі – 57;
  • 3 бөлмелі – 38.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үйдің жайлылық класы – IV.

Еденнен төбеге дейінгі биіктігі – 3 м.

Пәтерлер жақсартылған бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.

Жобаны тұрғын және коммерциялық мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілерін салу саласында қызмет атқаратын «Ак Дидар» ЖШС іске асырады.