2026 жылғы 27 шілде мен 10 тамыз аралығында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады. Конкурстық іріктеу Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының ("Бәйтерек" ҰИХ" АҚ еншілес ұйымы, ҚТК) тұрғын үй нысандары бойынша өткізіледі. Өтінімдер тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың орталықтандырылған өтінім қабылдауын қамтамасыз ететін «Отбасы банк» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
Бағдарлама бастапқы жарнасыз, жеңілдетілген шарттармен тұрғын үйді сатып алуға мүмкіндік береді. Шарт талаптары толық орындалғаннан кейін пәтер жалға алушының меншігіне өтеді.
Өтінімді толықтай электрондық форматта «Отбасы банк» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады: https://baspana.otbasybank.kz
Кімдер қатыса алады?
Бағдарламаға Қостанай облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған, есепке қай елді мекенде қойылғанына қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар қатыса алады. Сондай-ақ әкімдіктердің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен мекемелерінің қызметкерлері де қатыса алады.
Бағдарлама шарттары
- Тұрғын үй түрі: сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
- Жалдау мерзімі: 20 жылға дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%;
- Бастапқы жарна: талап етілмейді;
- Жалдау құны: 1 шаршы метр үшін 2 076,67 теңге;
- Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін;
- Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.
Тұрғын үй нысаны
Мекенжайы: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Қашар көшесі, 13-үй.
Пәтер саны: 8 бір бөлмелі пәтер.
Ай сайынғы төлем
Ауданы 55,4–60 ш.м болатын бір бөлмелі пәтерлер үшін ай сайынғы төлем 115 048 теңгеден 124 600 теңгеге дейін.
Толық ақапарат:
8 775 363 33 30
+7 7172 79 75 75 (ішкі нөмірлері: 3217, 3277, 3213, 3204)
Call-орталық: 8 (800) 080-44-48
Бағдарлама туралы толық ақпарат: www.khc.kz