«ҚТК «Қазреестр» цифрлық жүйесінде үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды

«ҚТК «Қазреестр» цифрлық жүйесінде үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлайды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) 2026 жылғы 23 шілдеден бастап тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесі – «Қазреестрде» (бұдан әрі – «Қазреестр» ЦЖ) үлестік құрылыс шеңберінде үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алуға өтінімдерді беру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жаңа функционалдың іске қосылғанын хабарлайды.

Мемлекеттік қызмет тек электрондық форматта «Қазреестр» ЦЖ арқылы көрсетіледі. Қызмет көрсетушілер – жергілікті атқарушы органдар, ал қызметті алушылар – жүйе арқылы өтінім беретін уәкілетті компаниялар.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтінімнің жүйеде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің қарауына келіп түскен күнінен бастап 8 жұмыс күні.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – үлескерлердің қаражатын тартуға берілген электрондық рұқсат.

Аталған функционалдың енгізілуі құрылыс саласын цифрландыруды дамытудағы кезекті кезең болып табылады және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы процестердің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.

ҚТК «Қазреестр» ЦЖ функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және үлестік құрылыс нарығының цифрлық экожүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.

Анықтама үшін: Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беру қағидаларымен регламенттеледі.