Құрметті тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар!
2026 жылғы 20 тамыздан 8 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.
Бағдарлама «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп іске асырылады.
Кімдер өтінім бере алады?
Қарағанды облысында тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар.
Бағдарлама шарттары:
- Жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1%;
- Бастапқы жарна талап етілмейді;
- Жалға алу құны – 1 шаршы метрге 1 981,95 теңге;
- Тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алуға болады (қалдық құны бойынша);
- Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.
Объектінің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Саран қаласы, Химик шағын ауданы, 105, 106, 114, 115, 116, 116А, 118, 119, 120, 120А үйлер.
Пәтер саны – 116, оның ішінде:
- 1 бөлмелі – 19;
- 2 бөлмелі – 53;
- 3 бөлмелі – 44.
Барлық пәтерлер таза әрлеумен қамтамасыз етілген және қоныстануға дайын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- кемінде 6 ай үздіксіз еңбек өтілінің болуы;
- төлем қабілеттілігін растау;
- өтінімді қарау кезінде мерзімі өткен берешектің болмауы.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:
+7 7172 79 75 75
8 (800) 080-44-48
Бағдарлама туралы толығырақ: khc.kz
МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банкі» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ға жолдайды. Бұдан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz