Құрметті тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар!
2026 жылғы 21 тамыздан 9 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.
Бағдарлама «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп іске асырылады.
Өтінімді Baspana Market порталы арқылы беруге болады.
Қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, «ҚТК АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі» бөлімін таңдау қажет.
Кімдер өтінім бере алады?
Маңғыстау облысында тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар.
Бағдарлама шарттары:
- Жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1%;
- Бастапқы жарна талап етілмейді;
- Жалға алу құны – 1 шаршы метрге 2 490,24 теңге;
- Тұрғын үйді мерзімінен бұрын сатып алуға болады (қалдық құны бойынша);
- Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.
Объектінің орналасқан жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 29А шағын ауданы, 170, 171, 172, 173-үйлер.
Пәтер саны: 33 бір бөлмелі пәтер.
Пәтерлердің ауданы: 37,3-тен 49,4 шаршы метрге дейін.
Ай сайынғы жалдау төлемі: 92 886 теңгеден 123 018 теңгеге дейін.
Пәтерлердің жағдайы: таза әрлеумен, қоныстануға дайын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- кемінде 6 ай үздіксіз еңбек өтілінің болуы;
- төлем қабілеттілігін растау;
- өтінімді қарау кезінде мерзімі өткен берешектің болмауы.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:
+7 7172 79 75 75
8 (800) 080-44-48
МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банкі» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстанның тұрғын үй компаниясы» АҚ-ға жолдайды. Бұдан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz