Құрметті азаматтар, тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған болсаңыз, 2026 жылғы 4 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданатынын хабарлаймыз.
Бағдарламаны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырады.
Өтінімді Baspana Market порталында беруге болады.
Қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, «ҚТК» АҚ жалға берілетін тұрғын үй» бөліміне өту қажет.
Кімдер өтінім бере алады?
Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар, Ақтөбе облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған азаматтар.
Бағдарламаның шарттары:
- Жалдау мерзімі: 20 жылға дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%;
- Бастапқы жарна: талап етілмейді;
- Жалдау ақысы: 1 шаршы метр үшін 2 232,64 теңге;
- Мерзімінен бұрын сатып алу: қалған құны бойынша мүмкін;
- Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.
Объектінің орналасқан жері:
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Қарғалы тұрғын алабы, 10/15-үй.
Пәтер саны:
- 9 екі бөлмелі пәтер;
- 5 үш бөлмелі пәтер.
Пәтерлердің ауданы:
- екі бөлмелі: 52,3-тен 64,6 шаршы метрге дейін;
- үш бөлмелі: 64-тен 72,6 шаршы метрге дейін.
Ай сайынғы жалдау төлемі:
- екі бөлмелі пәтерлер: 116 767-ден 144 229 теңгеге дейін;
- үш бөлмелі пәтерлер: 142 889-дан 162 090 теңгеге дейін.
Пәтерлердің жағдайы:
таза әрленген, қоныстануға дайын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- кемінде 6 ай үздіксіз еңбек өтілі болуы;
- төлем қабілеттілігін растау;
- өтінімді қарау кезінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
+7 7172 79 75 75
8 (800) 080-44-48
МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-на жолдайды. Бұдан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.