«Pioneer Invest» ЖШС (Құрылыс салушы) және «BIG TULPAR» ЖШС (Уәкілетті компания) Шымкент қаласында орналасқан «BIG TULPAR» көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) кепілдігін алды.
«BIG TULPAR» тұрғын үй кешені Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақжайық шағынауданы, 127/4 учаскесінде орналасқан.
Жоба бойынша 13 тұрғын блоктан (9 қабатты) тұратын тұрғын үй кешенін салу көзделген. Жоба бойынша пәтерлердің жалпы саны – 464.
Оның ішінде:
— 1 бөлмелі – 138 пәтер;
— 2 бөлмелі – 186 пәтер;
— 3 бөлмелі – 132 пәтер;
— 4 бөлмелі – 8 пәтер.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үйдің жайлылық класы — IV.
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі – 3 метр.
Құрылыс технологиясы — монолитті.
Пәтерлер бастапқы әрлеу күйінде тапсырылатын болады.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық объектілердің құрылысы бойынша қызметті жүзеге асыратын «BIG TULPAR» ЖШС жүзеге асырады.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 7172 797575, ішкі: 2550
pr@khc.kz, www.khc.kz