Құрметті тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар, 2026 жылғы 9 қыркүйектен бастап 21 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады.
Бағдарлама «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп жүзеге асырылады.
Өтінімді Baspana Market порталында беруге болады:https://baspana.otbasybank.kz
Қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, ««ҚТК» АҚ жалға беретін тұрғын үй» бөліміне өту қажет.
Кімдер өтінім бере алады?
Қостанай облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар.
Бағдарлама шарттары:
· Жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін;
· Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1%;
· Бастапқы жарна – талап етілмейді;
· Жалдау ақысы – 1 шаршы метрге 2 076,67 теңге;
· Мерзімінен бұрын сатып алу – қалдық құны бойынша мүмкін;
· Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.
Нысанның орналасқан жері: Қостанай облысы, Рудный қаласы, Качарская көшесі, 13-үй.
Пәтер саны: 6 үш бөлмелі пәтер.
Пәтерлердің ауданы: 93,8-ден 99,8 шаршы метрге дейін.
Ай сайынғы жалдау төлемі: 194 792-ден 207 252 теңгеге дейін.
Пәтерлердің жағдайы: таза әрлеу, қоныстануға дайын.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптар:
- кемінде 6 ай үздіксіз еңбек өтілі болуы;
- төлем қабілеттілігін растау;
- өтінім қаралған кезде мерзімі өткен берешектің болмауы.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
+7 7172 79 75 75
8 (800) 080-44-48
Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz
МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-на жібереді. Бұдан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.