Құрметті тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар! Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар үшін 2026 жылғы 11 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.
Бағдарламаны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп іске асырады.
Өтінімді Baspana Market порталы арқылы беруге болады.
Бағдарламаға қатысу үшін жеке кабинетке өтіп, «ҚТК» АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үй» бөліміне кіру қажет.
Кімдер өтінім бере алады?
Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.
Бағдарламаның шарттары:
- Жалдау мерзімі: 20 жылға дейін;
- Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%;
- Бастапқы жарна: талап етілмейді;
- Жалдау құны: 1 шаршы метр үшін 2 214,38 теңге;
- Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін;
- Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.
Нысанның орналасқан жері:
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 30А кварталы, 19-үй.
Пәтерлер саны – 53, оның ішінде:
- бір бөлмелі – 4;
- екі бөлмелі – 49.
Пәтерлердің ауданы:
- бір бөлмелі пәтерлер – 46,3-тен 47,4 шаршы метрге дейін;
- екі бөлмелі пәтерлер – 58,9-дан 65,8 шаршы метрге дейін.
Ай сайынғы жалдау төлемі:
- бір бөлмелі пәтерлер – 102 526-дан 104 962 теңгеге дейін;
- екі бөлмелі пәтерлер – 130 427-ден 145 706 теңгеге дейін.
Пәтерлердің жағдайы:
таза әрлеумен дайындалған, қоныстануға дайын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
- кемінде 6 ай үздіксіз еңбек өтілінің болуы;
- төлем қабілеттілігін растау;
- өтінім қаралатын сәтте қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:
+7 7172 79 75 75
8 (800) 080-44-48
Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz
МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ға жолдайды. Одан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.