Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Қарағанды облысының Шахтинск қаласында  «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша  пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Құрметті тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар! Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар үшін 2026 жылғы 11 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады..

Бағдарлама «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп іске асырады.

Өтінімді Baspana Market порталы арқылы беруге болады

Қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, «ҚТК» АҚ жалға беретін тұрғын үй» бөліміне өту қажет.

Кімдер өтінім бере алады?

Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.

Бағдарламаның шарттары:

  • Жалдау мерзімі: 20 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%;
  • Бастапқы жарна: талап етілмейді;
  • Жалдау құны: 1 шаршы метр үшін 2 189,87 теңге;
  • Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін;
  • Жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Нысанның орналасқан жері:

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Молодежная көшесі, 57-үй.

 Пәтерлер саны – 102, оның ішінде:

  • бір бөлмелі – 29;
  • екі бөлмелі – 72;
  • үш бөлмелі – 1.

Пәтерлердің ауданы:

  • бір бөлмелі пәтерлер – 38-ден 44,7 шаршы метрге дейін;
  • екі бөлмелі пәтерлер – 48,9-дан 68,2 шаршы метрге дейін;
  • үш бөлмелі пәтерлер – 71,3 шаршы метрге дейін.

Ай сайынғы жалдау төлемі:

  • бір бөлмелі пәтерлер – 83 215-тен 97 888 теңгеге дейін;
  • екі бөлмелі пәтерлер – 107 085-тен 149 349 теңгеге дейін;
  • үш бөлмелі пәтерлер – 156 138 теңгеге дейін.

 Пәтерлердің жағдайы:

таза әрлеумен дайындалған, қоныстануға дайын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • кемінде 6 ай үздіксіз еңбек өтілінің болуы;
  • төлем қабілеттілігін растау;
  • өтінім қаралатын сәтте қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:

+7 7172 79 75 75

 8 (800) 080-44-48

Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz

МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ға жолдайды.

Одан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.