«Kanfar Building» ЖШС (Құрылыс салушы) және «Panorama Satu» ЖШС (Уәкілетті компания) «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-нан («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағынауданы, 194, №37, №129, №416, №082 квартал, №5282/1 мекенжайларында орналасқан «Panorama» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға кепілдік алды.
Жоба бойынша 1 тұрғын үйді (екі тұрғын блок) салу көзделген (14 және 17 қабатты). Жоба бойынша пәтерлердің жалпы саны – 156.
Оның ішінде:
— 1 бөлмелі – 50;
— 2 бөлмелі – 48;
— 3 бөлмелі – 48;
— 4 бөлмелі – 10.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жайлылық сыныбы — IV;
Еденнен төбеге дейінгі биіктігі — 3 м;
Әрлеу түрі — таза әрлеу.
Жобаны тұрғын үй және коммерциялық нысандар салу қызметін жүзеге асыратын «Panorama Satu» ЖШС іске асырады.