Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар үшін 2026 жылғы 14 қыркүйектен 23 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.
Бағдарлама «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады.
Өтінімді Baspana Market порталында беруге болады: https://baspana.otbasybank.kz
Бағдарламаға қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, «ҚТК-ның жалға берілетін тұрғын үй» бөліміне өту қажет.
Кімдер өтінім бере алады?
✔️ Түркістан облысы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.
💡 Бағдарлама шарттары:
· Жалға алу мерзімі: 20 жылға дейін
· Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%
· Бастапқы жарна: талап етілмейді
· Жалға алу құны: 1 шаршы метріне 2 199,41 теңге
· Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін
· Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.
📍 Нысанның орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, Арман көшесі, 23 және 28-үйлер.
🏠 Пәтер саны: 2 екі бөлмелі және 1 үш бөлмелі пәтер.
📐 Пәтерлердің ауданы:
· екі бөлмелі – 61-ден 64,1 шаршы метрге дейін
· үш бөлмелі – 96,4 шаршы метр
💰 Ай сайынғы жалдау төлемі:
· екі бөлмелі – 134 164-тен 140 982 теңгеге дейін
· үш бөлмелі – 212 023 теңге
✔️ Пәтерлердің жай-күйі: таза әрлеу, қоныстануға дайын.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
-
үздіксіз еңбек өтілі – кемінде 6 ай;
-
төлем қабілеттілігін растау;
-
өтінімді қарау кезінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.
Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:
☎ +7 7172 79 75 75
8 (800) 080-44-48
🌐 Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz
МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банкі» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-на жібереді. Одан кейін Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй ұсыну туралы шешім қабылдайды.