Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы Талдыкорған қаласында электр энергиясын есепке алу жүйесін енгізу жөніндегі «ТАТЭК» АҚ жобасын ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында субсидиялауды мақұлдады

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы Талдыкорған қаласында электр энергиясын есепке алу жүйесін енгізу жөніндегі «ТАТЭК» АҚ жобасын ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында субсидиялауды мақұлдады

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ-ның («ТАТЭК» АҚ) жобасын субсидиялауды мақұлдады.

Субсидиялау «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ беретін кредит бойынша Талдықорған қаласының жеке секторында және абаттандырылған секторында электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (ЭКЕАЖ) енгізу және объектіні реконструкциялау жөніндегі жобаны іске асыруға бағытталады.

Жобаның жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды. Субсидияланатын кредит көлемі 3,88 млрд теңге. Жоба электр желілері инфрақұрылымын жаңғыртуға, коммерциялық ысыраптарды азайтуға, сондай-ақ тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін арттырды көздеп отыр.

ЭКЕАЖ енгізу электр энергиясын автоматтандырылған қашықтан есепке алуға, энергия тұтынуды жедел бақылауға, еңбек шығындарын қысқартуға және электр энергиясын рұқсатсыз тұтыну тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта «ТАТЭК» АҚ 225 651 абонентке қызмет көрсетеді, оның ішінде 73 974 абонент Талдықорған қаласында орналасқан. Жоба аясында ЭКЕАЖ жүйесімен 35 128 абонент қамтылған. Қосымша 40 636 абонентті қосу, 38 617 есепке алу құралын ауыстыру және деректерді беру үшін 70 базалық станцияны орнату жоспарлануда.

Жобаны субсидиялау энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды мемлекеттік қолдау тетіктері шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл коммуналдық жүйелерді жаңартуға ұзақ мерзімді қаржыландыру тарту үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.