Алматы облысының Алатау қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Алматы облысының Алатау қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар үшін 2026 жылғы 16 қыркүйектен 22 қыркүйекке дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.

Бағдарламаны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп іске асырады.

Өтінімді Baspana Market порталында беруге болады: https://baspana.otbasybank.kz

Қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, «ҚТК АҚ жалға берілетін тұрғын үй» бөліміне өту қажет.

Өтінімді кімдер бере алады?

✔️ Алматы облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.

💡 Бағдарлама шарттары:

· Жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін
· Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1%
· Бастапқы жарна – талап етілмейді
· Жалға алу құны – 1 шаршы метріне 2 525 теңге
· Мерзімінен бұрын сатып алу – қалдық құны бойынша мүмкін
· Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

📍 Нысанның орналасқан жері: Алматы облысы, Алатау қаласы, Қоянқұс шағынауданы, 1-квартал көшесі, 2, 3, 5, 3860/1 үйлер.

🏠 Пәтер саны – 5, оның ішінде:

· бір бөлмелі – 3;
· екі бөлмелі – 1;
· үш бөлмелі – 1.

📐 Пәтерлердің ауданы:

· бір бөлмелі – 40,1-ден 40,9 ш.м. дейін;
· екі бөлмелі – 65,6 ш.м. дейін;
· үш бөлмелі – 85,8 ш.м. дейін.

💰 Ай сайынғы жалдау төлемі:

· бір бөлмелі – 101 253-тен 103 273 теңгеге дейін;
· екі бөлмелі – 165 640 теңгеге дейін;
· үш бөлмелі – 216 645 теңгеге дейін.

✔️ Пәтерлердің жағдайы: әрлеуі таза, тұруға дайын.


Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • үздіксіз еңбек өтілі – кемінде 6 ай;

  • төлем қабілеттілігін растау;

  • өтінімді қарау кезінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.


Толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады:

+7 7172 79 75 75

8 (800) 080-44-48

🌐 Бағдарлама туралы толығырақ: www.khc.kz


МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-на жолдайды. Бұдан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй ұсыну туралы шешім қабылдайды.