Шымкент қаласындағы ҚТК кепілдігі бар жаңа тұрғын үйлердегі пәтерлер енді «Орда аймақ» және «Орда аймақ Плюс» бағдарламалары бойынша қолжетімді

Шымкент қаласындағы ҚТК кепілдігі бар жаңа тұрғын үйлердегі пәтерлер енді «Орда аймақ» және «Орда аймақ Плюс» бағдарламалары бойынша қолжетімді

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) Шымкент қаласында салынып жатқан, ҚТК кепілдігі берілген тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді «Орда аймақ» және «Орда аймақ Плюс» ипотекалық бағдарламалары арқылы сату басталғанын хабарлайды.

Тұрғын үйді құрылыс кезеңінде сатып алу шартта көзделген талаптар бойынша пәтердің құнын бекітуге және қаржыландырудың қолайлы нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді. ҚТК кепілдігі үлескерлерді қорғау құралдарының бірі болып табылады және белгіленген талаптарға сәйкес объектілер құрылысының аяқталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Орда аймақ» және «Орда аймақ Плюс» тұрғын үй бағдарламалары аясында азаматтарға мынадай негізгі шарттар ұсынылады:

  • бастапқы жарна – 20%-дан бастап;

  • қарыз сомасы – 2 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін;

  • кредиттеу мерзімі – 24 айдан 240 айға дейін (20 жылға дейін);

  • сыйақы мөлшерлемесі – 10,9%-дан бастап;

  • ЖТСМ – 11,7%-дан 19,9%-ға дейін.

Кредиттеудің нақты шарттары қарыз параметрлеріне, оның ішінде бастапқы жарна мөлшері мен кредиттеу мерзіміне байланысты белгіленеді.

Пәтерлерді ҚТК кепілдігі берілген және тиісті тұрғын үй бағдарламаларына қатысатын Шымкент қаласындағы салынып жатқан тұрғын үй кешендерінен сатып алуға болады.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында «Орда аймақ» және «Орда аймақ Плюс» бағдарламалары бойынша пәтерлер мына тұрғын үй кешендерінде қолжетімді:

  • Otbasy КТК;

  • Pioneer City КТК;

  • Shattyq City КТК;

  • Жанұя КТК;

  • KAINAR VILLAGE клубтық қалашығы КТК;

  • 4 Seasons-3 КТК;

  • SHYRAI Residence КТК;

  • Big Tulpar КТК;

  • Panorama КТК.

Қолжетімді объектілер, пәтерлерді сатып алу шарттары және сату бөлімдерінің байланыс деректері туралы толық ақпарат ҚТК-ның www.homeportal.kz тұрғын үй порталында орналастырылған.