ҚТК Түркістан облысында тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін талқылады

ҚТК Түркістан облысында тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелерін талқылады

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (ҚТК, «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар өңірдегі тұрғын үй құрылысының қазіргі жағдайын, аумақтарды кешенді дамыту мәселелерін, іске асырылып жатқан және жоспарланған жобаларды, сондай-ақ ынтымақтастықтың одан әрі бағыттарын талқылады.

Түркістан облысының әкімі тұрғын үй құрылысының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, ҚТК-ның облыстағы тұрғын үй саласын дамытуға қосып отырған елеулі үлесін атап өтті.

«Түркістан облысы – тұрғын үй құрылысы саласындағы жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан өңірлердің бірі. ҚТК тұрғын үй жобаларын қаржыландыру арқылы өңірге қолдау көрсетіп келеді. ҚТК-ның жалпы сомасы 91 млрд теңге болатын облигациялық қарыздары есебінен өңірде 230 тұрғын үй, яғни 10 707 пәтер пайдалануға берілді.

Біз Түркістан облысының әкімдігімен сындарлы өзара іс-қимылды жалғастырып, азаматтарды сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету ұсынысын арттыруға бағытталған жаңа жобаларды іске асыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз», – деді «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында әкімдіктің қатысуымен жалпы ауданы 248 мың шаршы метр, құны 75 млрд теңге болатын 156 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нысандардың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру 2026 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Сонымен қатар, 2027 жылға Түркістан қаласында 48 кредиттік тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Жалпы ауданы 129,2 мың шаршы метр болатын 2 378 пәтерді пайдалануға беру көзделген.

Кездесу барысында тараптар тұрғын үй жобаларын іске асыру, қаржыландыру тетіктерін дамыту және өңірде қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту бағыттарындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ жергілікті атқарушы органдармен тұрғын үй құрылысын дамыту және азаматтарды сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруда.