Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы құрылысқа цифрлық бақылауды күшейтті: Тұрғын үй порталында инжинирингтік компаниялардың есептері жарияланды

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы құрылысқа цифрлық бақылауды күшейтті: Тұрғын үй порталында инжинирингтік компаниялардың есептері жарияланды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» еншілес ұйымы, ҚТК) Тұрғын үй порталының цифрлық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтті. ҚТК үлестік құрылыс объектілерінде инжинирингтік компаниялардың есептеріне арналған жаңа «ИК есептері» бөлімін іске қосты. Енді пайдаланушылар ҚТК кепілдігі бар тұрғын үй жобаларын іске асыру барысы туралы өзекті ақпаратты ала алады.

Жаңа функционал құрылыс жұмыстарының ашықтығын, азаматтардың хабардар болуын және жобалардың іске асырылуын бақылауды арттыруға бағытталған.

Жаңа ақпаратқа қол жеткізу үшін пайдаланушыға Тұрғын үй порталына кіріп, ҚТК кепілдігі бар қажетті объектіні табу жеткілікті. Аталмыш объектіні таңдағаннан кейін «ИК есептері» бөліміне өту қажет.

«ИК есептері» бөлімінде инжинирингтік компаниялар құрылыс барысына жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша қалыптастыратын жиынтық ақпарат орналастырылады. Пайдаланушылар жобаның негізгі көрсеткіштерімен танысып, оның іске асырылу динамикасын бағалай алады.

Атап айтқанда, бөлімде мынадай ақпарат қолжетімді:

  • жобаның орындалу деңгейі;
  • игерілген қаражат көлемі;
  • жобадағы пәтерлердің жалпы саны және сатылған пәтерлер саны;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарының (ҚМЖ) орындалу динамикасы;
  • құрылыстың жоспарлы және нақты көрсеткіштерін салыстыру;
  • ҚМЖ кестесінен кешігу немесе озып орындалуы туралы ақпарат;
  • қаржылық көрсеткіштер мен сатылымдар туралы деректер;
  • құрылыс алаңынан фотоесептер;
  • жобаның іске асырылу барысы туралы толық есептер.

Осылайша, азаматтар салынып жатқан жоба туралы жалпы ақпарат алып қана қоймай, оның нақты динамикасын есепті кезеңдер бөлінісінде бақылауға мүмкіндік алады.

«ҚТК үшін азаматтардың Бірыңғай оператор кепілдігі бар, баспана сатып алуды жоспарлап отырған немесе үлескерлер ретінде қатысып отырған жобалар туралы түсінікті әрі өзекті ақпаратқа қол жеткізуі маңызды. Жаңа бөлім құрылыс барысын бақылау процесін неғұрлым ашық әрі көрнекі етуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы жобаның негізгі көрсеткіштерін өз бетінше бақылап, оның динамикасын көре алады», – деп атап өтті ҚТК Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.

Цифрлық құралдарды дамыту үлестік құрылыс саласындағы тұрғын үй жобалары туралы ақпаратты бір платформада шоғырландыруға және азаматтарға негізделген шешімдерді өз бетінше қабылдау үшін көбірек мүмкіндік беруге жол ашады.

Ескерту: Үлестік құрылыс жобалары бойынша есептер есепті ай аяқталғаннан кейінгі айдың 1-күнінен бастап жарияланады.

Толығырақ

Баспасөз қызметі
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, ішкі 2205
pr@khc.kz, www.khc.kz


Фотогалерея