Шымкент қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Шымкент қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Құрметті тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар, 2026 жылғы 9 қазаннан 28 қазанға дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.

Бағдарлама «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» еншілес ұйымы, ҚТК) «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп іске асырылады.

Өтінімді Baspana Market порталында беруге болады.

Бағдарламаға қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, «ҚТК АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үй» бөліміне өту қажет.

Кімдер өтінім бере алады?

Шымкент қаласы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар.

Бағдарлама шарттары:

  • · Жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін;
  • · Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1%;
  • · Бастапқы жарна – талап етілмейді;
  • · Жалға алу құны – 1 шаршы метр үшін 2 485,58 теңге;
  • · Мерзімінен бұрын сатып алуға – қалдық құны бойынша мүмкіндік беріледі;
  • · Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Нысанның орналасқан жері: Шымкент қаласы, Тұран шағынауданы, 3402/9, 3401/26, 3401/28, 714/2, 714/5, 3 А үйлері.

Пәтерлер саны – 18, оның ішінде:

  • бір бөлмелі – 3;
  • екі бөлмелі – 4;
  • үш бөлмелі – 11.

Пәтерлердің ауданы:

  • бір бөлмелі – 41,5-тен 42,5 ш.м.-ге дейін;
  • екі бөлмелі – 53,3-тен 58,8 ш.м.-ге дейін;
  • үш бөлмелі – 64,6-тан 74,7 ш.м.-ге дейін.

Ай сайынғы жалдау төлемі:

  • · бір бөлмелі – 103 152-ден 105 638 теңгеге дейін;
  • · екі бөлмелі – 132 481-ден 146 152 теңгеге дейін;
  • · үш бөлмелі – 160 568-ден 185 673 теңгеге дейін.​

Пәтерлердің жағдайы: таза әрлеуден өткен, қоныстануға дайын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • үздіксіз еңбек өтілі – кемінде 6 ай;
  • төлем қабілеттілігін растау;
  • өтінімді қарау кезінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.

Толық ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7 7172 79 75 75, 8 (800) 080-44-48

Бағдарлама туралы толығырақ.

МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банкі» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-на жолдайды. Бұдан әрі Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй ұсыну туралы шешім қабылдайды.


Фотогалерея