Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Құрметті тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған азаматтар, Сіздер үшін 2026 жылғы 14 қазаннан бастап 28 қазанға дейін «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады.

Бағдарламаны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырады.

Өтінімді Baspana Market порталы арқылы беруге болады.

Қатысу үшін жеке кабинетке кіріп, «ҚТК» АҚ-ның жалға берілетін тұрғын үйі бөлімін таңдау қажет.

Кімдер өтінім бере алады?

Қарағанды облысында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.

 Бағдарламаның шарттары:

  • Жалға алу мерзімі: 20 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 3,1%;
  • Бастапқы жарна: талап етілмейді;
  • Жалға алу құны: 1 шаршы метр үшін 2 218,84 теңге;
  • Мерзімінен бұрын сатып алу: қалдық құны бойынша мүмкін;
  • Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Нысанның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 9-шағынаудан, 99, 101, 103-үйлер.

Пәтер саны: 30, оның ішінде 7 бір бөлмелі, 20 екі бөлмелі және 3 үш бөлмелі пәтер.

 Пәтерлердің ауданы:

  • Бір бөлмелі пәтерлер – 40,7-ден 43,9 шаршы метрге дейін;
  • Екі бөлмелі пәтерлер – 49,2-ден 69,2 шаршы метрге дейін;
  • Үш бөлмелі пәтерлер – 71,6-дан 87,3 шаршы метрге дейін.

 Ай сайынғы жалдау төлемі:

  • Бір бөлмелі пәтерлер – 90 307-ден 97 407 теңгеге дейін;
  • Екі бөлмелі пәтерлер – 109 167-ден 153 544 теңгеге дейін;
  • Үш бөлмелі пәтерлер – 158 869-дан 193 705 теңгеге дейін.

Пәтерлердің жай-күйі: әрлеу жұмыстары толық аяқталған, қоныстануға дайын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Үздіксіз еңбек өтілі кемінде 6 ай болуы;
  • Төлем қабілеттілігін растау;
  • Өтінімді қарау кезінде қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.

Қосымша ақпарат алу үшін:

+7 7172 79 75 75 

 8 (800) 080-44-48

Бағдарлама туралы толығырақ.

МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ға жолдайды. Бұдан кейін Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй беру туралы шешім қабылдайды.

Фотогалерея