Республика күніне орай «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ жұмыскерлері кәсібилігі, адал еңбегі және ел дамуына қосқан үлесі үшін жоғары марапаттарға ие болды!
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Алғыс хатымен Сатып алу және әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары Нұржан Өскенбаев марапатталды.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің атынан төсбелгімен бас бухгалтер Айгүл Тоқтарқожа марапатталды.
Әріптестерімізді еңбектерінің лайықты бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа кәсіби жетістіктер, алға қойған жоспарларының сәтті жүзеге асуын және толағай табыстар тілейміз!
Барша қазақстандықтарды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймыз!