Тұрғын үй порталындағы жаңа функционал

Тұрғын үй порталындағы жаңа функционал

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» (ҚТК) «Тұрғын үй порталы» (homeportal.kz) цифрлық жүйесінде кепілдік берілген нысандардың құрылыс барысы туралы есептердің жаңартуларына жазылу функционалының іске қосылғанын хабарлайды.

Жазылымды рәсімдеудің екі жолы бар: үлескердің Жеке кабинеті арқылы немесе «Үлестік құрылыс нысандары» бөліміндегі кепілдік берілген нысан бетінде.

Үлескердің Жеке кабинеті арқылы құрылыс барысы туралы есептердің жаңартуларына жазылу:

Үлескердің Жеке кабинетіндегі «Менің шарттарым» бөлімінде «Жазылу» батырмасы пайда болды, оны басу арқылы үлескер тіркелу кезінде көрсеткен электрондық мекенжайға жазылым автоматты түрде рәсімделеді.

Кепілдік берілген нысанның құрылыс барысы туралы инжинирингтік компанияның жаңа есептері жарияланған сайын, үлескердің электрондық поштасына тиісті хабарлама келіп тұрады. Бұл жаңалық нысандардың құрылысын қадағалау процесін неғұрлым ашық және қолайлы етеді.

каз1.png

Кепілдік берілген нысанның парақшасы арқылы құрылыс барысы туралы есептердің жаңартуларына жазылу:

Егер Сіз кепілдік берілген нысандардың құрылыс барысы туралы есептердің жаңартуларына қонақ режимінде жазылғыңыз келсе, қызықтырған нысанның «ИК есептері» бөліміне өтуіңіз жеткілікті. Одан әрі «Негізгі жоба көрсеткіштерінің салыстырмалы динамикасы» қосымша бетінде «Жазылу» батырмасын басу қажет. Жазылымды рәсімдеу үшін қалқымалы терезеде Т.А.Ә. мен құрылыс барысы туралы есептердің жаңартылғаны туралы хабарламалар келіп тұратын электрондық мекенжайды енгізу жеткілікті.

каз2.png

ҚТК Тұрғын үй порталының функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту және үлестік құрылыс нарығының цифрлық экожүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.

Сұрақтар туындаған жағдайда, сондай-ақ сервисті жақсарту бойынша ұсыныстарыңыз болса, біздің колл-орталыққа +7 (7172) 79 75 75 нөмірі бойынша немесе hphelpdesk@khc.kz электрондық поштасына хабарласа аласыздар.