ҚТК халықаралық девелоперге кепілдік берді

ҚТК халықаралық девелоперге кепілдік берді

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы) халықаралық YDA Group девелоперлік тобының атынан әрекет ететін құрылыс салушыға кепілдік берді.

ҚТК кепілдігі Астана қаласында орналасқан «Neo Axis» тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтауға «LEO INVEST» (ЛЕО ИНВЕСТ) ЖШС құрылыс салушысына және «Рауназ» ЖШС уәкілетті компаниясына берілді.

«Neo Axis» тұрғын үй кешені Астана қаласы, Есіл ауданы, Е-522 көшесі, 10-учаске мекенжайында орналасқан.

Жоба аясында көппәтерлі тұрғын үй салу көзделген. Жобадағы пәтерлердің жалпы саны – 438.

Оның ішінде:

— 1 бөлмелі – 196 пәтер;
— 2 бөлмелі – 188 пәтер;
— 3 бөлмелі – 54 пәтер.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үйдің жайлылық класы – IV;

Еденнен төбеге дейінгі биіктігі – 2,7 м;                                                   

Әрлеу түрі – алғашқы, таза әрлеу.

YDA Group – Түркиядағы жетекші компаниялардың бірі. Оның құрамына қызметтің түрлі бағыттарын қамтитын және бизнес ауқымы әлемдік стандарттарға сай келетін отандық және халықаралық филиалдар кіреді.

YDA Group инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды және қазіргі уақытта да іске асыруда. Олардың қатарында Астана, Ақтау және Түркістан қалаларындағы нысандар бар.