Қарағанды облысының Абай қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Қарағанды облысының Абай қаласында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша пәтерлерге өтінім қабылдау басталады

Құрметті тұрғын үйге мұқтаж есебінде тұрған азаматтар, Сіздер үшін 2026 жылғы 10–19 қараша аралығында «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады.

Бағдарлама «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ мен «Отбасы банк» АҚ бірлесіп жүзеге асырады.

Өтінімді Baspana Market порталы арқылы беруге болады.

Ол үшін жеке кабинетке кіріп, «ҚТК» АҚ-дан жалға берілетін тұрғын үй» бөлімін таңдау қажет.

Кімдер өтінім бере алады?

Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар.

Бағдарлама шарттары:

  • Жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1%;
  • Бастапқы жарна – талап етілмейді;
  • Жалға алу құны – 1 шаршы метр үшін 2 214,38 теңге;
  • Мерзімінен бұрын сатып алу – қалдық құны бойынша мүмкін;
  • Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

Нысанның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, 30А кварталы, 19-үй.

Пәтер саны: екі бөлмелі – 5 пәтер.

Пәтерлердің ауданы: екі бөлмелі пәтерлер – 58,9-дан 65,8 шаршы метрге дейін.

Ай сайынғы жалдау төлемі: екі бөлмелі пәтерлер үшін 130 427-ден 145 706 теңгеге дейін.

Пәтерлердің жай-күйі: әрлеу жұмыстары толық аяқталған, қоныстануға дайын.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • кемінде 6 ай үздіксіз еңбек өтілінің болуы;
  • төлем қабілеттілігін растау;
  • өтінім қаралған сәтте қолданыстағы мерзімі өткен берешектің болмауы.

Қосымша ақпарат алу үшін:

 +7 7172 79 75 75

8 (800) 080-44-48

Бағдарлама туралы толығырақ ақпарат.

МАҢЫЗДЫ! Конкурстық іріктеу аяқталғаннан кейін «Отбасы банк» АҚ үміткерлердің тізімін қалыптастырып, оны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ға жолдайды. Бұдан кейін Компания үміткерлердің төлем қабілеттілігін бағалап, жалға берілетін тұрғын үй ұсыну туралы шешім қабылдайды.