Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының қызметкерлері Ұлттық валюта күні – қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай марапатталды

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының қызметкерлері Ұлттық валюта күні – қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай марапатталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні мен қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Бәйтерек» холдингінде кәсіби жетістіктері мен еліміздің қаржы секторын дамытуға қосқан үлесі үшін қызметкерлерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың Алғыс хаттарымен Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салыков және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Айгерім Құрманбаева марапатталды.

DSC09184_resized.jpeg

DSC09195_resized.jpeg

ҚР Қаржы министрлігі аппарат басшысының төсбелгісімен төлемдерді өңдеу департаментінің директоры Анар Абдикаликова марапатталды.

DSC09266_resized.jpeg

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің Алғыс хатымен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар департаментінің директоры Серік Сулейменов марапатталды.

DSC09221_resized.jpeg

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күнімен, ал қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!