Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы KHC Workshop 2026 аясында жаңа цифрлық құралдар мен құрылыс салушылардың рейтингтік моделін таныстырады

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы KHC Workshop 2026 аясында жаңа цифрлық құралдар мен құрылыс салушылардың рейтингтік моделін таныстырады

2026 жылғы 20 қарашада Астана қаласында Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы нарығы мен үлестік қатысу саласын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған жыл сайынғы KHC Workshop 2026 практикалық алаңы өтеді.

Іс-шараны «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы, ҚТК) ұйымдастырады.

Іс-шараға құрылыс саласының өкілдері мен кәсіби қоғамдастық мүшелері қатысады. Workshop аясында ҚТК басшылығы мен сарапшылары нарықтың ашықтығын арттыруға, құрылыс салушылардың қызметін бағалау тәсілдерін жетілдіруге және үлескерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған жаңа құралдар мен цифрлық шешімдерді таныстырады.

Іс-шара барысында бірнеше негізгі бағыт қарастырылады:

·        Құрылыс салушыларды бағалаудың жаңа рейтингтік моделі – құрылыс компаниялары мен жүзеге асырылып жатқан жобаларды, негізгі көрсеткіштер мен тәуекел факторларын бағалаудың кешенді тәсілі, сондай-ақ рейтингтің нарық қатысушылары үшін практикалық маңызы;

·        Цифрлық сервистердің жаңа мүмкіндіктері – ҚТК-ның цифрлық өнімдеріндегі жаңартулар және Компанияның ақпараттық жүйелеріндегі жаңа пайдаланушылық мүмкіндіктер;

·        Қазақстанның үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын талдау – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың көлеңкелі нарығын зерттеу нәтижелері.

Құрылыс салушының бірыңғай цифрлық бейініне ерекше назар аударылады. Бұл – құрылыс компаниялары туралы ақпаратты жүйелеуге мүмкіндік беретін құрал. Сонымен қатар практикум аясында рейтингтерді беру мысалдарын қамтитын құрылыс салушылардың нақты кейстері және құрылыс компанияларын бағалау кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланады.

Бағдарлама ашық пікірталас пен сұрақ-жауап сессиясын да қамтиды. Оның барысында қатысушылар ұсынылған құралдарды талқылап, ҚТК сарапшыларынан кері байланыс ала алады.

Барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды KHC Workshop 2026 іс-шарасына қатысуға шақырамыз! Сіздерді форумда күтеміз!

Күні: 2026 жылғы 20 қараша
Басталуы: сағат 09:30 (тіркеу сағат 09:00-де басталады)
Өтетін орны: Астана қаласы, «Бәйтерек» БО, C блогы, 1-қабат, конференц-зал.

Толық ақпарат және тіркелу: https://forum.khc.kz/workshop-2026

БАҚ өкілдерін аккредиттеу: +7 701 683 28 86 (Рымгүл)