ҚТК-да Қазақстанның жаңа Конституциясына арналған кездесу өтті

ҚТК-да Қазақстанның жаңа Конституциясына арналған кездесу өтті

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-да («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимовпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының негізгі ережелері, басты өзгерістер және олардың азаматтар мен мемлекет үшін маңызы талқыланды.

Спикер конституциялық жаңашылдықтарды түсіндіріп, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді және жүргізіліп жатқан реформалардың маңызы жөнінде өз сараптамалық пікірімен бөлісті.

Іс-шара Компания қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және елдегі конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары туралы түсінігін қалыптастыруға бағытталды.