Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы тұрғын үй нысандарының орналасқан жерін бағалауға арналған жаңа цифрлық құралды іске қосты

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы тұрғын үй нысандарының орналасқан жерін бағалауға арналған жаңа цифрлық құралды іске қосты

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы, ҚТК) тұрғын үй таңдау кезінде пайдаланушылардың мүмкіндіктерін кеңейте отырып, «Тұрғын үй порталы» цифрлық жүйесін дамытуды жалғастыруда. Платформада тұрғын үй нысанының орналасқан жерін және қоршаған инфрақұрылымның қолжетімділігін кешенді бағалауға мүмкіндік беретін «Орналасқан жерді талдау» жаңа функционалы іске қосылды.

Жаңа құрал тұрғын үй кешені орналасқан аумақ туралы толық мәлімет алуға және қалалық ортаның негізгі факторларын ескере отырып, онда тұрудың қолайлылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Жүйе таңдалған нысаннан 2 шақырым радиустағы аумақты автоматты түрде талдау жүргізіп, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы, күнделікті қажетті тауарлар саудасы объектілері мен қызмет көрсету орындарының қолжетімділігі, сондай-ақ аумақтың экологиялық сипаттамалары туралы жүйеленген ақпарат ұсынады.

Талдау нәтижелері бойынша жүйе орындарға тиісті сыныбын тағайындайды, он балдық шкала бойынша қорытынды бағаны есептейді, аумақтың артықшылықтарын бөліп көрсетеді және қосымша назар аударуды қажет ететін факторларды көрсетеді.

Жаңа функционалды іске қосу үлестік тұрғын үй құрылысы нарығындағы ақпараттың ашықтығын арттыруға және азаматтарға тұрғын үй таңдау кезінде негізделген шешімдер қабылдау үшін мүмкіндік беретін қосымша құралдар беруге бағытталған.

Жаңа бөлімді көру үшін Тұрғын үй порталынан https://homeportal.kz/kz/ өзіңізді қызықтырған нысанды таңдап, «Орналасқан жерді талдау» тиісті бөліміне өту қажет.