Баспана құрылысы: Жаңа талап пен жеңілдіктер

Баспана құрылысы: Жаңа талап пен жеңілдіктер

Бірінші шілдеден бастап «Тұрғын үй порталының» жаңа аналитикалық орталығы іске қосылады. Онда нарықтың нақты статистикасын тәулік бойы көруге болады.  «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» реновация жобаларын таныстырды. Жаңа жүйе ескірген үйлерді жаңартып, қаланы кешенді дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңірдегілерге жақсы жаңалық, жаңадан «Орда Аймақ Плюс» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.

Елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды. Өткен жылы 20 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілген. Ендігі меже - жасыл технологиялар мен сапалы трансформацияға көшу. Осы орайда, Қазақстан Тұрғын үй компаниясы нарықты қолдаудың жаңа тетіктерін таныстырды.