Инжинирингтік компанияларды іріктеудің жаңа тәртібінің арқасында Қазақстан халқы үшін тұрғын үй құрылысының үдерісі бұрынғыдан да ашық болады. Іріктеу конкурстық негізде электрондық форматта өтеді. Инжинирингтік компаниялар салушыларға келесі қызметтерді ұсынады:
- жобалық құжаттаманы дайындау,
- рұқсат беру құжаттарын дайындау,
- нысанның құрылысына жұмсалатын қаражатты бақылау;
- құрылыстың техникалық параметрлерін тексеру,
- құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу мерзімін бақылау және т.б.
«Қазақстанның Тұрғын үй Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Компания) – Қазақстандағы тұрғын үй құрылысының Бірыңғай операторы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға кепілдік беру туралы шарттар жасасу кезінде инжинирингтік компанияларды іріктеу рәсімдерін өзгертті. Инжинирингтік компаниялардың өтінімдеріндегі бағалар ашылу сәтіне дейін шифрланады – сатып алуға қатысушылардың ешқайсысы, соның ішінде тапсырыс беруші де басқа қатысушылардың баға ұсыныстарын көрмейді. Нәтижелер хаттамасы сатып алу порталында жалпыға қолжетімді жерде жарияланады.
Инжинирингтік компанияларды іріктеу 100 пайыз қазақстандық қатысуды қамтамасыз ететін ақпараттық өнім болып табылатын www.eep.mitwork.kz/kz/ Еуразиялық электрондық порталында жүзеге асырылады. ЕЭП-те сатып алуды мемлекеттік сыңайлы компаниялар, ірі жеке ұйымдар мен табиғи монополиялар субъектілері де жүзеге асырады.
Компания қызметінде процестердің ашықтығы мен адал бәсекелестікті арттыру тетіктерін үздіксіз жетілдіруге бағытталған.
Баспасөз қызметі
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ
+7 7172 797575, іш. 2394