KASE «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ны ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы ретінде таныды

KASE «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ны ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы ретінде таныды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның еншілес ұйымы, ҚТК) Қазақстан қор биржасы KASE тарапынан ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы ретінде марапатталды.

ҚТК-ға берілген ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы мәртебесі Қазақстанның қор нарығында тұрақты қаржыландыруды ілгерілетудегі негізгі рөлін растайды. Іске асырылып жатқан қаржы құралдары тұрғын үй құрылысы жобаларына ұзақ мерзімді инвестициялар тартуға, сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз етуге және тұрақты даму саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестікті сақтауға мүмкіндік береді.

2025 жылы ҚТК нарықтық шарттармен облигациялар шығару арқылы 238,2 млрд теңге қаражат тартып, өңірлерге бағыттады. Қаражат келесі бағыттарға пайдаланылды:

  • жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 150,4 млрд теңге, нәтижесінде жалпы ауданы 0,6 млн шаршы метр болатын 9,4 мың пәтер пайдалануға берілді;
  • инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге - 87,8 млрд теңге.

Сонымен қатар кредиттік тұрғын үйді қаржыландыру аясында Компания өңірлер әкімдіктерінің бағалы қағаздарын 140,2 млрд теңгеге сатып алды. Бұл жалпы ауданы 1,1 млн шаршы метр болатын 13,3 мың пәтердің салынуына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар 29,3 млрд теңге энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жобаларына бағытталды. Бұл энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге, сондай-ақ халыққа коммуналдық қызметтердің сенімді әрі сапалы көрсетілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

KASE тарапынан ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы ретінде танылуы ҚТК-ның тұрғын үй құрылысының дамуын қолдаудағы елеулі үлесін растап, Қазақстанның тұрғын үй нарығын дамытудың және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі даму институттарының бірі ретіндегі позициясын нығайтады.