Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы клиенттердің Жеке кабинетінде анықтамаларды автоматты түрде жасау бойынша жаңа функционалдың іске қосылғаны туралы қуана хабарлайды. Енді клиенттер жалдау және ипотека шарттары бойынша қажетті анықтамаларды бірнеше рет басу арқылы, өтініш берусіз және ұзақ күтусіз ала алады.
Қандай анықтамалар қазірде қолжетімді?
- Кредиттік берешектің болуы туралы, оның ішінде БЖЗҚ үшін (ипотека шарттары бойынша);
- Берешектің жоқтығы туралы;
- Шот бойынша үзінді көшірме;
- Салыстыру актісі;
- Жалдау төлемі туралы ақпарат.
Анықтамалар электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады, ЭЦҚ қол қойылады және ezSigner.kz сервисі арқылы түпнұсқалығын тексеру үшін қолжетімді.
МАҢЫЗДЫ! Қазіргі уақытта функционал бета-нұсқада қол жетімді және біз қол жетімді анықтамалар тізімін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырудамыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда, сондай-ақ сервисті жақсарту бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер қалдыру үшін клиенттер +7 (7172) 79 75 75 нөмірі бойынша колл-орталыққа немесе hphelpdesk@khc.kz электрондық поштаға жүгіне алады.
Бүгін Жеке кабинетіңіздегі жаңа қызметті қолданып көріңіз!