Туған күні: 1990 жылғы 4 наурыз
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
Білімі:
- 2011 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат;
- 2012 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, «Қаржы» мамандығы бойынша магистратура;
- «Экономикалық дамудағы Бизнес мәдениеті» дәріс курсы, Джей Натан, Джонс атындағы Нью-Йорк университетінің профессоры. (2012);
- «Horvath & Partners» венчурлық қорында біліктілікті арттыру курсы, Мюнхен, Германия (2014);
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері мен жобалық қаржыландыру бойынша біліктілікті арттыру курсы, Лондон, Ұлыбритания (2017);
- Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы бойынша магистратура (МВА). (2020).
Кәсіби тәжірибе:
- «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (10.2021 бастап);
- «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2019-10.2021);
- «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Тұрғын үй-құрылыс активтерін басқару департаментінің директоры (2016-10.2021);
- Түрлі лауазымдарда, оның ішінде "Бәйтерек "ҰИХ" АҚ басшылығында, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық департаменті, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Жобаларды талдау және мониторингілеу орталығында жұмыс істеді.
Басқа лауазымдары:
- «Қаржы академиясы» АҚ тәуелсіз директоры
Тұрғын үй және инфрақұрылымдық бағдарламалар департаментінің, Стратегия және дата-аналитика департаментінің, Әкімшілік ету департаментінің, Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің қызметін үйлестіреді.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ акцияларына иелік етпейді.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі: сәрсенбі, 17:00 – 18.00
Қабылдау бөлмесінің телефон нөмірі (ішкі): 2210