Ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізуді, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды, сондай-ақ Компания қызметін жетілдіру мақсатында консультациялар беруді қамтамасыз етеді.

ІАҚ-тың мақсаты — Директорлар кеңесіне және атқарушы органға тәуекелдерді бағалауға негізделген тәуелсіз, объективті кепілдіктер, пікірлер, ұсынымдар және болжамдар ұсыну арқылы Компанияның құндылықты құру, қорғау және қолдау қабілетін нығайту.

ІАҚ Компанияда ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ұйымдық тұрғыдан тікелей бағынады және функционалдық тұрғыдан Компанияның Директорлар кеңесіне есеп береді.

Ішкі аудит қызметінің басшысы — Каратаева Елена Викторовна.

Электрондық пошта мекенжайы: ekaratayeva@khc.kz

Телефон: +7 (7172) 79-75-75 (ішкі 2543)

Пошталық мекенжай: Қазақстан Республикасы, Z05Т3Е2, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А.