Қаржыландыруды алуға қойылатын талаптар

Өтінімді қарау мерзімі: 35 жұмыс күніне дейін.

Өтінімді модерациялау: 5 жұмыс күніне дейін.

Қаржыландыру, Аумақтарды кешенді салу стандартына* сәйкес келген кезде, тұрғын үй құрылысының төмендегідей нысаналы мақсаттары бойынша беріледі:

  • құрылыс-монтаж жұмыстары;
  • авторлық және техникалық қадағалау;
  • кешенді құрылыс салу объектісін салуға бөлінген аумақтар шегінде сыртқы инженерлік желілер, абаттандыру және көгалдандыру.

* Кешенді құрылыс салу стандарты – бұл «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының 2022 жылғы 24 ақпандағы шешімімен (№14 хаттама) бекітілген «Аумақтарды кешенді салу стандарты (тұрғын үй құрылысын бағалау өлшемшарттарын қоса алғанда)» әдістемелік құжат.

1. Жобаға қойылатын талаптар:

  • Бірыңғай оператордың уәкілетті органының шешімімен бекітілген Аумақтарды кешенді салу стандартына және Егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкестігі;
  • Жоба бойынша мастер-жоспардың болуы;
  • Кешенді құрылыс жобасын іске асыру мерзімі-36 айға дейін;
  • Құрылыстың жалпы ауданы-кемінде 10 000 м2.

2. Қаржыландыру шарттары:

Өнім: кешенді құрылыс жобаларын қаржыландыру

Қаржыландыру түрі: несие желісі

Валюта: теңге

Пайыздық жарна: 12,6%

Кепілмен қамтамасыз ету: жылжымайтын мүлік

ЖЭПЖ: “ҚТК” АҚ уәкілетті органы пайыздық жарнаны бекіткеннен кейін жеке есептеледі

Несие желісінің мерзімі: 36 айға дейін

Несие желісінің қолжетімділік мерзімі: 18 айға дейін

Несие мерзімі: 36 айға дейін, бірақ несие желісінің мерзімінен аспайды

Несие желісінің сомасы:

– ең төменгі сома: 100 000 000 теңге

– ең жоғары сома: ЖСҚ бойынша объект құнының 30% дейін

Жеңілдік кезеңі:

– негізгі борышты төлеу бойынша-18 айға дейін

– сыйақы төлеу бойынша-12 айға дейін

Кепілмен қамтамасыз ету: жылжымайтын мүлік.

3. Қатысушыларға қойылатын талаптар

Құрылыс салушыға қойылатын негізгі талаптар:

– жобаларды іске асырудың табысты тәжірибесі (соңғы 3 жыл ішінде);

– қаржылық тұрақтылық.

Уәкілетті компанияға қойылатын негізгі талаптар: –

– жер учаскесі (меншікте немесе жалға);

– сараптаманың оң қорытындысымен ЖСҚ (оның ішінде инженерлік желілерге) ;

– «ҚТК» АҚ кепілдігінің немесе үлескерлердің қаражатын тартуға ЖАО рұқсатының болуы;

– пәтерлерді белгіленген бағамен сату бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдау.

4. Қарыз алушының қарсы міндеттемелері:

Қарыз алушы «ҚТК» АҚ кешенді құрылыс салу жобасының аумағындағы қаржыландырылған объектідегі «ҚТК» АҚ қатысу үлесіне сәйкес тұрғын үйдің бір бөлігін белгіленген бағамен сатуға міндеттенеді. Белгіленген баға бойынша ұсынылатын тұрғын үйдің ауданын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

5. X=(C/P)×S

мұнда:

X-белгіленген бағамен ұсынылатын тұрғын үй алаңы;

С-несие желісінің сомасы;

P-жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектілердің құны;

S-жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес пәтерлердің жалпы ауданы.

Қаржыландыруға өтінім беруге арналған құжаттар тізімі

Кеңес қажет пе?