Әлеуетті инвесторлардың назарына!

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Батыс-2 мөлтек ауданы, 49 Л учаскесі, құрылыстың 2-кезегі, 4, 5, 6-блоктар (сыртқы инженерлік желілерсіз) мекенжайы бойынша көппәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы» («Алия» ТҮК) нысаны бойынша кепілдік жағдайын реттеу жөніндегі іс-шаралар аясында тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін инвестор тарту процедурасының басталғанын хабарлайды.

Компания мүдделі инвесторларды жобаны іске асыру шарттарымен, нақтыланған талаптармен, сондай-ақ құрылысты аяқтау бойынша бірлескен қызметке қатысу мүмкіндіктерімен танысуға шақырады.

Ұсыныс берер алдында әлеуетті инвесторларға кепілдік жағдайларды реттеудің қолданыстағы рәсіміне сәйкес Компания белгілеген жобалық құжаттамамен, қатысу шарттарымен және талаптармен мұқият танысу ұсынылады.

Компания ұсыныстарды қарауға ашық және жобаны тиімді іске асыруға және үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз етуге мүдделі әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимыл жасауға дайын.