«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамы 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үйді (пәтерлерді) сатып алу мақсатында сатып алу рәсімдерінің өткізілетінін хабарлайды.
Пәтерлерді сатып алу белгіленген баға параметрлерін ескере отырып, Еуразиялық электрондық порталында mitwork.kz тендер өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Пәтерлерді өткізуге мүдделі әлеуетті өнім берушілер сатып алу шарттарымен және техникалық ерекшелікпен «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесінің ««ҚТК» АҚ-ның тұрғын үйге қажеттілігі» бөлімінде homeportal.kz, сондай-ақ Еуразиялық электрондық порталында mitwork.kz таныса алады.
Назар аударыңыз! «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ тендерлерге қатысу бойынша қызметтер ұсынатын делдалдармен немесе үшінші тұлғалармен ынтымақтастық жасамайды. Мұндай тұлғалардың «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ға ешқандай қатысы жоқ. Барлық сатып алу рәсімдері белгіленген сатып алу қағидаларына қатаң сәйкес жүзеге асырылады.